Əлди, əлди, анадан əлде тауып алған даладан
Əлди, əлди, анадан, Тауып алған даладан, Далада бала жата ма? Түсіп қалыпты шанадан. Есіңде ме? Осы Бесік жырымен өстік емеспе? Бірақ айтылғандай бізді анамыз даладан да, шанадан да тауып алған жоқ. Бұған менің көзім есім кіргенде бірақ жетті. Оған дейін шынында қорқатын едім, ия, ия шынымен қорқатынмын мені көшеден тауып алған екен деп. "Бірақ мен сияқты əдемі, аяқ қолы түзу қызды көшеде кім қалдырады дейсің" деп дандайсып қоямын. Əттеген -ай есін жинамай, тіпті көзін ашпай жатып белшесінен нəжіске батқан, дəретхандан табылған Жансаяның менен қай жері кем десеңші? Ешбір жері...