Менің өлгім келмеді...
Менің өлгім келмеді...

Адам бұл өмірге сынақ үшін жіберілген дәрменсіз жаратылыс. Аллах Тағала əу баста солай жаратты емеспе? Ал пенде байғұс оны ұмытып дандайси бастайды. Дүниелік несиелерге құмарлана бастайды. Сол себептен де "Өлім жайлы көп ойлаңдар" дейді емес пе хадисте. Ал менің бірінші рет өлгім келмеді... Өзім армандаған адамды жолықтырып, бақыт құшағында жүрген менің жүрегім жайсыз соғып кетті кенеттен. Сол -ақ екен денемнен суық тер бұрқ ете түскен мен: "қазір емес, мен қазір емес, өлгім келмейді" деп күбірледім ішімнен. Ай əттең тəтті екен жан деген... Осындай таңсық сезімді басымнан кешірмеген маған қызық болып көрінді өз жағдайым. Ия, мен ғашық болып қалған едім. Кеудеме қанат бітіп, қалықтап жүр едім аспанда. Алладан ұзағынан ете гөр, қайырлы ете гөр деп тілеп едім. Шынымен өлгім келмеген еді... Ал, қазір ше? 

Ұлбала ТойлыбаеваҰлбала Тойлыбаева
8 жыл бұрын 3861
0 пікір
Блог туралы