Əлди, əлди, анадан əлде тауып алған даладан
Əлди, əлди, анадан əлде тауып алған даладан

Əлди, əлди, анадан,

Тауып алған даладан,

Далада бала жата ма?

Түсіп қалыпты шанадан.

Есіңде ме? Осы Бесік жырымен өстік емеспе? Бірақ айтылғандай бізді анамыз даладан да, шанадан да тауып алған жоқ. Бұған менің көзім есім кіргенде бірақ жетті. Оған дейін шынында қорқатын едім, ия, ия шынымен қорқатынмын мені көшеден тауып алған екен деп. "Бірақ мен сияқты əдемі, аяқ қолы түзу қызды көшеде кім қалдырады дейсің" деп дандайсып қоямын.  Əттеген -ай есін жинамай, тіпті  көзін ашпай жатып белшесінен нəжіске батқан, дəретхандан табылған Жансаяның менен қай жері кем десеңші? Ешбір жері де кем емес. Тек, ия тек қана анасы маған айтқандай, өз анасының айтқан бесік жырын түсінбесе керек. Түсінбегені соншалық  шанадан емес, қазіргінің төрт аяқты арбасы машинаның терезесінен бала түсетін болды. Ал менің оны түсінгеніме Аллаға мың да бір шүкір. Инша Аллах сіздер де түсінді деп ойлаймын.

Бұл Ұлбаланың, ия менің кезекті ойым еді.

Ұлбала ТойлыбаеваҰлбала Тойлыбаева
9 лет назад 11065
1 комментарий
  • Жауыр болған тақырып болды ау, осы тастанды балалар тақырыбына жәй оқырмандар пост немесе таратумен айналыспаған дұрыс сияқты. Себебі "антиреклама, тоже реклама" дейді. Егер зер салсаңыздар дәретханада табылған нәресте туралы ақпарат шық соң, сондай жантүршігерлік оқиға өрши түсті. Шайтан тыныш жатпай, сол ақпарат арқылы адамға жаман ой салады.
    9 лет назад
О блоге